Бір минут ішінде:
-Фатиха сүресiн 5 мәрте қайталап оқи аласың
әрi осы үшiн саған 7000 жақсылық жазылады.
-Ықылас сүресiн 15 мәрте оқи аласың. Яғни,
Құранды бес рет оқып шыққандай сауап
аласың.
-«Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул мулку уә ләһул хамд, уә һуа ъала кулли
шайин қадир» дұғасын 20 мәрте қайталай
аласың. Яғни Аллаһ жолында Исмаилдың сегiз
ұлын босатқандай боласың.
-«Субханаллаһи уа бихамдиһ» дұғасын 100
мәрте айт аласың әрi күнделiктi күнәларың кешiрiледi.
-«Лә хаулә уа лә қууата иллә билләһ» дұғасын
40-тан аса қайталай аласың. Ал бұл жаннаттың
байлықтарының бiрi.
-«Астағфируллаһ» деп 100 мәрте айта аласың.
Яғни Аллаһтан күнәларының кешiрiлуiн сұрау. Истиғфар айту – күнәлардың кешiрiлуiне,
жәннатқа кiруге, қуатты болуға, бәленiң алдын
алуға, өмiрiңнiң жақсаруына, жаңбырдың
жаууына, бала-шаға мен дүниенiң көбеюiне
себепкер болады.
-20 мәрте Пайғамбарымызға с.а.с. салауат айтуға болады.
Бұның сауабы ретiнде Аллаһ сiзге 200 есе
қылып қайтарады.
-«Субханаллаһи уа бихамдиһ, Субханаллаһил
ъазим» дұғасын 50 мәрте айтуға болады. Бұл
дұға тiлге жеңiл арғы дұниеде таразыда ауыр болады.
-Бир минут iшiнде «Лә иләһә иллаллаһ» деп 50
мәрте айтуға болады. Ал бұл сөздердiң ең
ұлысы.
-«Субханналлаһи, уалхамду Лиллаһи уә лә
иләһә иллаллаһу уаллаһу акбар» дұғасын 25 мәрте айтуға болады. Бұл дұға Аллаһ субханаһу
уа таъаланың сүйiктi сөздерiнен.
-Бiр минут iшiнде екi қолыңды көтерiп Аллаһқа
дұға ете аласың.
Аллаһ дұғаларымызды қабыл етіп, тура
жолынан адастырмасын.